Войти

Сарапшы: Отандық ШОБ қазір өз күшіне ғана сенім артады

Мұндай мәлімет 2023 жылдың желтоқсан айында ел үкіметінің ресми сайтында жария етілді.

Тәуелсіз сарапшылардың айтуынша, 2023 жылдың IV тоқсанында шағын кәсіпкерлік саласындағы отандық компаниялар тарапынан кадр жетіспеушілігі туралы жиі айтылғанымен, жыл соңында бұл сектордағы қызметкерлер саны ұлғая түскені байқалған. Бұл «Қазақстандағы ШОБ бизнес-барометрі» атты зерттеуінде Freedom Finance Global сарапшылары жасаған тұжырым. Зерттеу барысындағы сауалнамаға қатысқан отандық ШОБ өкілдерінің 15,7%-ы компаниядағы персонал санын арттырса, 10,5%-ы – қысқартқанын айтқан. Қалған респонденттер – кадр мәселесінде өзгеріс болмағанын алға тартқан.

Айта кетейік, Freedom Finance Global жүргізген бұл зерттеуге республика бойынша сауда, өнеркәсіп, құрылыс және қызмет көрсету салаларындағы шағын және орта бизнес субъектілерінің 500 шақты өкілі қатысып, сарапшылардың сұрақтарына жауап берген.

Қазақстандық стартап: дронды қашықтан басқаратын әлемдегі алғашқы киберспорт Қазақстандық стартап: дронды қашықтан басқаратын әлемдегі алғашқы киберспорт

Game of Drones – шынайы робот, дрон және басқа да механикалық робот техника... →

Зерттеу қорытындысындағы деректерге жүгінсек, 2023 жылдың соңында қызметкерлер саны «ұлғая түскен» компаниялар негізінен құрылыс саласында байқалған: «компаниялардың 31%-ы осындай мәлімет берді» дейді сарапшылар. Ал өнеркәсіптегі персонал санын олар «орташадан жоғары деңгейде өсіп келеді» деп көрсетеді (23%), бұл саладағы «қысқартулар» туралы сауалнамаға қатысқан компаниялардың тек 4,5%-ы ғана айтқан. Қызмет көрсету саласында кадр тапшылығы байқала қоймаған: мұндағы компаниялардың 13%-ы былтыр қызметкерлер саны ұлғая түскенін, ал 7,2%-ы – ептеп азайғанын айтқан. Көтерме және бөлшек саудада бұл көрсеткіштер арасындағы айырмашылық әлдеқайда аз – 14%-ы персонал саны өсті десе, 11%-ы азайғанын алға тартқан.

Зерттеу барысында шағын және орта бизнес иелерінің 24%-ы 2024 жылдың басында компаниядағы қызметкерлер санын ұлғайтуға әзір отырғанын айтқан. Бұл арада да құрылыс (47%) және өнеркәсіп (43%) салалары көш басында. Сауалнамаға қатысқан ШОБ өкілдерінің 3,6%-да қызметкерлер санын арттыру жоспары жоқ деуге болады.

Өңірлер аралығында: қызметкерлер санын арттыру бойынша нақты қадамдар Ақтөбе облысындағы ШОБ тарапынан байқалған, олардың 36%-ы персонал санын өсіруге былтыр кіріскен. Ал Алматы қаласындағы жағдай керісінше, мұнда ШОБ иелерінің 16%-ы персонал санын қысқартқан. Сондай-ақ, ауалнамаға қатысқан астаналық ШОБ өкілдерінің 21%-ы былтыр қызметкерлер санын арттырған болса, 11%-ы қысқартуға жол берген.

Жоспар тұрғысынан алғанда, Маңғыстау (43%) және Ақтөбе (41%) облыстарындағы шағын және орта бизнес иелері персонал санын арттыруға дайын отырса керек. Мұндай жоспар астаналық компаниялардың 30%-да, алматылық компаниялардың 23%-да бар екен.

Серік Бутумбаев бухгалтерия мен есепті автоматтандыратын HELIOS SOFT IT компаниясының бас директоры. Компания мемлекеттік бюджеттік ұйымдарға қызмет көрсетеді.

Серік Бутумбаев, HELIOS SOFT IT компаниясының бас директоры
Серік Бутумбаев, HELIOS SOFT IT компаниясының бас директоры Фото: жеке архивтен «Біздің клиенттеріміз – білім беру объектілері бар бюджеттік ұйымдар. Ел бойынша үш мыңға жуық ұйымға қызмет көрсетеміз. Негізгі қызметіміз сыбайлас жемқорлық қатерлерінің алдын алуға бағытталған. Мәселен, білім беру саласындағы есеп процесін толықтай цифрландыру арқылы ондағы ұрлық пен жемқорлыққа жол бермеуге, осындай әрекеттерді азайтуға әсер етеміз. Есепті автоматтандыру бойынша белсенді дамып келеміз. Жыл сайын 30% көлемінде өсіміміз бар. Жұмысымыз ақпараттық қауіпсіздік, импорт алмастыру бойынша да маңызды. Өйткені, бюджетке қатысты ақпаратпен жұмыс істейміз», - дейді ол.

Серік Бутумбаевтың айтуынша, компания «Астана Хаб» қатысушысы болғандықтан, мемлекет 2028 жылға дейін бірнеше салық түрінен босатқан (корпоративті салықтан – 20%, қосымша құн салығынан – 12%, жеке табыс салығынан – 10%, әлеуметтік салықтан – 9,5% және т.б. – ред.).

Компания бюджеттік ұйымдарға қызмет көрсететіндіктен, әдетте жыл басында конкурстық процедуралардың уақытылы өтпейтіндігі себепті, қаржылық ресурстар қажеттілігі туындайды. «Алайда, банкке емес, краудфандинг платформасына өтінім береміз, себебі, онда жылдам, ашық әрі бізге бәрі түсінікті», - дейді ол.

Серік Бутумбаевтың айтуынша, дәл қазір оның компаниясындағы негізгі мәселе кадр тапшылығы дегенге келіп тіреледі. «Компанияда 130 адам жұмыс істейді, 50 адамға вакансия ашық. Жұрт жұмыс жоқ десе, бізде кадр жоқ. Бізде қызметкерлерді жұмысқа алу үздіксіз жүріп жатады. Біздің саладағы тағы бір мәселе – цифрлық сауаттылықпен байланысты. Қаржы министірлігінен бастап, өзге де тиісті органдар осы саладағы кадрларды цифрлық тұрғыда сауаттандырып, біліктілігін арттыруға көңіл бөлсе құба-құп», - дейді кәсіпкер.

Айтпақшы, Freedom Finance Global өз зертетуінде ШОБ саласындағы отандық компаниялардың іскерлік көңіл-күй индексі 2023 жылдың IV тоқсанында 57,6 тармаққа дейін өсті деп отыр (ІІІ тоқсанда – 54,5 тармақ). Сарапшылардың түсіндіруінше, бұл индекс төрт түрлі субиндекс негізінде анықталады, яғни Сатулар, Кадрлар, Кредиттер және Инвестициялар деген тұрғыда. Егер іскерлік көңіл-күй индексі 50 тармақтан жоғары болса, онда бұл – бизнестің позитивті ұстанымының айғағы, дейді олар. Зерттеу қорытындысы бойынша, «Кредиттер» субиндексі 2023 жылдың соңында бірден 5,8 тармаққа өскен. «Сатулар» (-0,03) және «Кадрлар» (-0,4) субиндекстері бойынша ептеген төмендеу бар, ал «Инвестициялар» субиндексінде 2,9 тармақ төмендеу байқалады.

Ішкі туризм нарығы: әзірше бәсекелестік байқалмайды Ішкі туризм нарығы: әзірше бәсекелестік байқалмайды

Отандық сарапшылардың пікірінше, Қазақстанда ішкі туризмді дамытуға коронав... →

«Кредиттер» субиндексінің өсуін, сарапшылар, кредитке «мұқтаж емес» ШОБ өкілдері қатарының ұлғаюымен түсіндіреді. Зерттеу дерегінше, 2023 жылдың IV тоқсанында мұндай компаниялардың үлесі 45,2%-ды құраған (ІІІ тоқсанда – 40,3%).

«Кредитке өтінім беріп, мақұлдау алғандардың үлесі IV тоқсанда 9,0%-дан 9,9%-ға дейін ептеп өсті. Мөлшерлеменің жоғары болуына байланысты кредит алғысы келмегендердің үлесі 16,6%-дан 17,5%-ға дейін артты. Ал кредиті барлардың үлесі 17,5%-дан 16,3%-ға дейін азая бастады», - деп көрсетеді өз зерттеуінде Freedom Finance Global сарапшылары. Бұдан шығатын қорытынды: отандық ШОБ өкілдерінің кредиттерін мақұлдау көрсеткішінде өсім бар, әйтсе де, мөлшерлемесіне байланысты кредитті қош көрмейтіндер саны артып келеді. Сондай-ақ, ШОБ қазіргі таңда алған кредиттерін тезірек жауып тастауға құлықты.

Рашид Акатаев Investment solutions Astana компаниясының бас директоры. Компания жеңіл өнеркәсіп саласында жұмыс істейді. Басты өнімі – өндірістік қолғаптар. 2016 жылы құрылған компания өз өндірісін 2017 жылы бастаған. Бүгінде мұнда 40 шақты адам жұмыс істейді, компанияның айналымы 1 млрд теңгеге жақындаған.

Рашид Акатаев, Investment solutions Astana компаниясының бас директоры
Рашид Акатаев, Investment solutions Astana компаниясының бас директоры Фото: жеке архивтен «Дәл қазір компания өз өнімдерімен бүкіл елді жабдықтап отыр. Мемлекеттік сатып алу жүйесі бойынша да, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» сатып алу жүйесіне де қатысамыз. Талай жылдар бойы тек көршілес елдерден импортталып келген өнімді қазақстандық өніммен алмастырғанымызды мақтан тұтамыз», - дейді Рашид Акатаев.

2023 жыл компания үшін нәтижелі болған. Мемлекеттік қолдаудың арқасында өнімдері ұлттық режимнен алып тасталған. Яғни, дәл осы қолғап өнімдерінің сату процесіне шетел өндірісінің өнімдері қатыса алмайды деген сөз.

Дегенмен, Рашид Акатаевтың айтуынша, мемлекеттің өзге де қолдау көздері, дәлірек айтқанда, кәсіпкерлік қорлары арқылы ресурс тарту өте қиын. «Даму қоры арқылы жылжымайтын мүлікті кепілдемеге қойып, жалғыз рет 17,7 млн теңге көлемінде қаржы алғанбыз. Құжат дайындау, тағы басқа шаруаға жарты жылымызды сарп еттік. Машақаты көп. Екінші деңгейдегі банктер арқылы қаржы тарту да тиімсіз. Өз күшімізге сеніп, мемлекеттің және банктердің қаражатынсыз жұмыс істеуге тырысамыз», - дейді ол.

Кәсіпкерлікті қолдауда, ең алдымен, өндіріске көңіл бөлінгені жөн, ал қазір бізде сауда-саттық салаларына көбірек назар аударылады, дейді өз кезегінде сарапшы Бақытжан Сәркеев.

Бақытжан Сәркеев, Алматы менеджмент университеті ғылым жөніндегі проректоры Бақытжан Сәркеев, Алматы менеджмент университеті ғылым жөніндегі проректоры Фото: жеке архивтен «Бизнестің Жол картасын енгізген тұста ауқымды ойын-сауық орталықтарын дамыту үшін ірі бизнестен өтінім келетін, біз қаржыны оларға емес, өндіріске, көлік-логистика секілді салаларға бөлуге тырысатынбыз», - деп еске алады ол.

Бақытжан Сәркеев 2009–2014 жылдардың аралығында «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ атқарушы директоры және экономика министрлігіндегі Кәсіпкерлікті дамыту комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарды.

«Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесін арттыру үшін 2009–2013 жылдары «Бизнестің Жол картасы» бағдарламасын әзірлеп, жүзеге асырдық. Бизнестің жаңа түрін, экономикаға әсері бар өндірістік салаларды қолдауға назар аударып, жаңа құралдарды енгіздік. Ол үшін кәсіпкерлердің өздерімен етене ақылдасып, олардың не нәрсеге мұқтаж екендігін талдап отырдық. Субсидия беру тетігін, кепілдік қою тетігін іске қостық. Банктермен келіссөз нәтижесінде кәсіпкерлерге субсидия бергізіп бастадық. Банк 14%-бен кредит берсе, соның 7%-ы мемлекет есебінен жабылатын. Одан бөлек, кәсіпкерлер кепілдік беру бойынша кредит алатын болды: егер жобасын жүргізуге кәсіпкердің қаржысы жетпесе, мемлекет есебінен 50%-ға дейін кепілдеме ала алды. Кейін тіпті 75–80% көлемінде кепілдеме беріліп тұрды. Өндіріспен айналысатын кәсіпкерлер үкіметтен инфрақұрылымдық қолдау қажеттігін алға тартса, біз жол салу, су тарту, электр желісін жеткізіп беру секілді қолдау көрсетуге тырыстық. Қаржылық емес тетіктерді: сервистік қолдау, кәсіпкерлерге бухгалтерлік есеп бойынша ақыл-кеңес беру, салықтық есептеу жағынан, бизнес-жоспар жасау жағынан көмектестік. Германия кәсіпкерлерімен байланыс орнатып, арнайы бағдарламар бойынша оқыту тетіктерін енгіздік. Кәсіпкерлікті дұрыс түсіне бермейтін, бірақ жаңа іс бастағысы келетіндерді қолдауға тырыстық. Өз ісін енді бастаған кәсіпкер әдетте қаржыға қол жеткізе алмайды. Біз соларға арнап жаңа құрал – гранттар бөлуді қолға алдық. Бір-екі жылда кәсіпкерлікке қажетті тетіктердің бәрін енгізіп, нәтижесінде – кәсіпкерлікпен айналысатын адамдардың саны күрт өсе бастады. 2013 жылы «біз енгізген тетіктердің арқасында 30 мың кәсіпкер несиеге қол жеткізді» деп есеп бергеніміз есімде. Егер әр отбасында 4 адамнан есептесек, 120 мың адамның қолдауға ие болғаны, өз нанын тауып жеуіне мүмкіндік бергеніміз біз үшін үлкен қуаныш еді», - деп еске алады Бақытжан Сәркеев.

«Dimash tour»: Қазақстан туризмін дамытудағы жаңа бағыт «Dimash tour»: Қазақстан туризмін дамытудағы жаңа бағыт Сарапшының айтуынша, сол кездегі құралдардың көбісі бүгін де қолданыста, мысалға, субсидия беру, кепілдеме беру, инфрақұрылымды жеткізіп беру, оқу бағдарламалары. «Экономикадағы орта және шағын бизнестің үлесі артып, қазір 36 –37%-ды құрайды. Осыдан 10 жыл бұрын 24% еді, біз сонда кәсіпкерліктің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 40–50%-ға жетсе, экономикамыз тұрақталып, халықтың өз кәсібі болады, жұмыс орындары құрылады деп армандайтынбыз», - дейді Бақытжан Сәркеев.

Айта кетейік, өткен жылдың желтоқсан айында ҚР үкіметінің ресми сатйында жария етілген ақпаратқа сай, 2023 жылдың 6 айында қазақстандық ШОБ өкілдері 29 трлн теңгенің өнімін шығарған. Ресми дерекке сай, қазір шағын және орта бизнестің ЖІӨ құрамындағы үлесі 36,4%-ды құрайды.




Поделиться:
Галерея:

Смотрите также:

Азиатский банк развития и итальянские компании построят больницы в Казахстане
10 месяцев назад
Нацкомпания Kazakh Invest провела встречу с представителями Азиатского банка развития и Ассоциацией промышленности Италии Confindustria для обсуждения проекта по строительству больниц в Казахстане, сообщила пресс-служба организации, не уточнив более ...
Госкомпания Омана купила значительную долю в Polymetal
8 месяцев назад
Оманская компания Mercury Investment International LLC приобрела значительную долю в Polymetal International plc у ICT Holding, сообщила пресс-служба горнорудной компании 29 января. Как уточнили в Polymetal, покупателем выступила Maaden Int...
Корейские учёные обнаружили месторождение лития в Казахстане
6 месяцев назад
Корейский институт геолого-геофизических и минеральных ресурсов (KIGAM) в 2023 году обнаружил месторождение лития в Казахстане и планирует продолжить его разработку. Месторождение было обнаружено на территории площадью 1,6 квадратных километра в вост...
Как открыть свой ресторан: метод Аскара Байтасова
10 месяцев назад
CEO abr Аскар Байтасов считает, что основными составляющими успешного ресторана является выверенная концепция, шеф-повар, правильная локация и четко выстроенная система операционного управления в бэк-офисе. Всё должно работать в синергии: е...
«Яндекс Такси» раскрыл динамику цен на поездки в Казахстане
9 месяцев назад
«Яндекс Такси» опубликовал данные по динамике цен на поездки в Казахстане. Аналитики сервиса рассчитали среднюю стоимость одной минуты поездки с учётом всех тарифов, кроме корпоративных. Такой метод оценки, по мнению специалистов компании, является н...
Эскалация напряжённости на Ближнем Востоке толкает нефть вверх, а рынок акций – вниз
5 месяцев назад
Ассоциация финансистов Казахстана опубликовала ежедневный обзор рынков Валютный рынок На торгах четверга, 18 апреля, нацвалюта полностью отыграла ослабление за прошедшую неделю на фоне высоких цен на нефть, повышенных объемов конвертации инвалюты и...
На шахтах Qarmet восстанавливают работу по добыче угля
8 месяцев назад
Акционер Qarmet Андрей Лаврентьев и генеральный директор Qarmet Вадим Басин в Темиртау ознакомились с текущей деятельностью ТЭЦ-2, ТЭЦ-ПВС и коксохимическим производством, сообщает пресс-служба компании. Директор коксохимического производства Руслан ...
АБР ухудшил прогноз темпов роста экономики Казахстана на 2024 год
5 месяцев назад
Азиатский банк развития (АБР) прогнозирует рост экономики Казахстана на 3,8% в 2024 году. В декабре 2023-го в банке предположили, что в 2024-м экономика Казахстана вырастет на 4,3%. Снижение роста, по мнению аналитиков банка, произойдет на фоне замед...