Войти

Қазақстандықтар өз өмірін және денсаулығын сақтандыруға мән бере бастаған

Бұл жайында өз шолуында Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының (ҚҚҚ) талдау орталығы мәлім етті.

Негізгі тенденциялар Сарапшы қауымның айтуынша, 2023 жылы өмірді сақтандыру нарығында барлық негізгі көрсеткіштер бойынша жоғары өрлеу анық байқалған, бұған өмірді сақтандырумен айналысатын компаниялардың өнімдеріне деген сұраныстың күрт өсуі және заңнамалық тұрғыдағы ынталандыру амалдары септік етсе керек.

Былтыр өмірді сақтандыруға негізделген команиялардың активтері 1 118,7 млрд теңгеге дейін ұлғайып өскен (+199,1 млрд теңге немесе 21,7%), бұл отандық сақтандыру нарығының жиынтық активтерінің 44,8%-ын құрайтын көрсеткіш.

Сарапшылар инфляцияға қатысты болжамдарын қайта қарап, өзгерте бастады Сарапшылар инфляцияға қатысты болжамдарын қайта қарап, өзгерте бастады

2024 жылдың наурыз айында еліміздің қаржы нарығында қалыптасқан жағдайға қа... →

2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайға сәйкес активтер құрылымы төмендегідей негізде қалыптасқан: 83,9%-ы немесе 903,0 млрд теңге – бағалы қағаздар есебінен (+126,4 млрд теңге), 7,2%-ы немесе 77,4 млрд теңге – кері РЕПО операциялары есебінен (+34,5 млрд теңге), 5,1%-ы или 54,9 млрд теңге – ақшалар мен салымдар есебінен (+20,3 млрд теңге).

Сарапшы қауым өз зерттеуінде, жиынтық активтердің өсуі аясында өзге де активтер ауқымы 17,9%-ға немесе 20,3 млрд теңгеге (5,4 млрд теңгеге дейін) қысқара түскенін алға тартады. Бірақ олардың айтуынша, жекелеген сақтандыру компанияларының бухгалтерлік есептерін талдау аясында мұның себебін анықтау мүмкін болмаған.

2023 жылы өмірді сақтандыруға негізделген отандық компаниялардың міндеттемелері 823,0 млрд теңгеге дейін ұлғайып өскен (жыл басынан бері +16,2% немесе 114,7 млрд теңге). Сарапшылардың түсіндіруінше, негізінен сақтандыру келісімінде көзделген қызметтер үшін маржаның өсуіне (2,1 есе немесе 56,2 млрд теңгеге) және күтілетін ақша ағынына берілетін оң бағаға (+10,1% немесе 43,1 млрд теңге) байланысты болса керек.

Өмірді сақтандыру секторындағы шоғырлану көрсеткіші әлі де жоғары, деп отыр отандық сарапшылар. Олардың айтуынша, активтердің 72,2%-ы нарық ішіндегі үш ірі компанияға тиесілі, олар: Халык-Life, Nomad Life және FFLife.

2023 жылы, сондай-ақ сақтандыру сыйлықақылары да өсе түскені анық байқалған (+34,0% немесе 128,1 млрд теңге), әсіресе, зейнетақы аннуитеттеріне, өмірді сақтандыруға және жазатайым оқиғаларды сақтандыруға негізделген өнімдер есебінен. Бұл тұрғыда жасалған келісімдер саны сәйкесінше 2,3 есеге, 53,9%-ға және 3,0 есеге өскен.

ҚҚҚ: Сақтандыру өнімдеріне деген сұраныс өсіп келеді ҚҚҚ: Сақтандыру өнімдеріне деген сұраныс өсіп келеді

Қазақстанның сақтандыру секторындағы активтердің 90%-на нарық ішіндегі негі... →

Өмірді сақтандырумен айналысатын компаниялар туристік нарыққа да шыға бастады деп отыр сарапшы қауым: бір жылда бұл тұрғыда жалпы сомасы 1,7 млрд теңгені құраған 346,7 мың келісім жасалған. Сарапшылардың айтуынша, бұл жалпы сақтандырумен айналыстаны компаниялардың туристі сақтандыру бойынша жиналатын сыйлықақыларының төмендеуіне (-5,6%) алып келген.

Төлемдердің өсуі (+60,2% немесе 25,9 млрд теңге) – өмірді сақтандыру (төлемдер саны 14,9%-ға өскен) және қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан сақтандыру (төлемдер саны 21,7%-ға өскен) сынды өнімдер есебінен орын алған.

Сақтандыру төлемдерінің өсуі 2023 жылдың қорытындысы бойынша төлемдердің сыйлықақыларға деген арақатынасын нашарлатып жіберген: 2022 жылғы 11,4%-бен салыстырғанда былтырғы көрсеткіш 13,7%.

2023 жылы сектордың таза пайдасы 44,6%-ға, яғни 92,5 млрд теңгеге дейін өскен. Сарапшылар мұны – өмірді сақтандырушы компаниялардың инвестициялық қызметтен түскен кірісінің өсуімен (+25,6% немесе 20,4 млрд теңге) және сақтандыру келісімдерінен бас тартуға қатысты шығындардың қысқаруымен түсіндіреді (-49,5% немесе 42,6 млрд теңге).

Алайда, өмірді сақтандырушы компаниялардың меншік капиталының рентабельділігі 21%-ға дейін төмендеп кеткен (2022 жылдың қорытындысы бойынша төмендеу көрсеткіші 30% болатын).

Қорытынды 2023 жылы өмірді сақтандыру секторындағы өсу көрсеткіштеріне, ең алдымен, компаниялар тарапынан енгізілген жаңа әлеуметтік өнімдер мен қазақстандықтар тарапынан өз өмірін және денсаулығын сақтандыруға деген қызығушылықтың артуы септік еткен. Сарапшылардың пікірінше, бұл арада Түркияда орын алған жер сілкінісі, АрселорМиттал шахтасындағы жарылыс сынды оқиғалар да елеусіз қалмаған.

2023 жылы Қазақстанда 23,5 трлн теңге салық жиналды 2023 жылы Қазақстанда 23,5 трлн теңге салық жиналды

Дегенмен, былтыр салық жоспары 91%-ға ғана орындалды деп мәлімдейді, еліміз... →

Ал әлеуметтік құрамы бар сақтандыру өнімдеріне келер болсақ, олардың арасында өзара жақын туыстардың зейнетақы жинақтарын біріктіруге мүмкіндік беретін бірлескен зейнетақы аннуитеті, сол сияқты, мемлекеттік білім берудің жинақтау жүйесі аясындағы өмірді сақтандыру сынды өнімдерін атап өтуге болады. Айтпақшы, өмірді сақтандырушы компаниялардың бағалауынша, мемлекеттік білім берудегі жинақтау жүйесінің әлеуеті өнім енгізілгеннен кейінгі бес жылда 30 млрд теңгені құрауы ықтимал.

2023 жылдың қорытындысы бойынша, өмірді сақтандырушы компаниялардың сақтандыру қызметінен түскен кірісі 1,7%-ды құраса, сақтандыру төлемдері бойынша таза шығыстары 37,7%-ға ұлғайып өскен, бұл олардың санының да (+21,9%), құнының да (орташа төлемдердің өсу көрсеткіші 31,4%) артуына байланысты деп отыр сарапшылар.

Сәйкесінше, сақтандыру компанияларының табыстылығы инвестициялық қызметтер негізінде қамтамасыз етілген, атап айтқанда бағалы қағаздардың сыйақылары (+39,1%) мен олардың құнын оң сипатта қайта бағалау (3,8 есе) есебінен. Сарапшы қауымның айтуынша, сектор ішінде байқалған капиталдың орташа кірістілігінің төмендеуі меншікті капиталдың өсуі есебінен де, нарықтың жекелеген қатысушыларының (ESK, Standard Life, МАК) таза кірісінің төмендеуі есебінен де орын алған.

2024 жылы сектор бойынша сақтандыру сыйлықақыларының өсуіне мемлекет басшысының 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу туралы тапсырмасын іске асыру да септік етуі мүмкін. Бұл жүйе аясында білім беруге мемлекет тарапынан бастапқы капитал (5 жастағы балаларға 60 АЕК), жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы (5–7%) және инвестициялық кіріс ескерілген.

Сарапшы: Отандық ШОБ қазір өз күшіне ғана сенім артады Сарапшы: Отандық ШОБ қазір өз күшіне ғана сенім артады

Елімізде шағын және орта бизнес саласында жұмыспен қамтылған азаматтар саны... →

Оның сыртында ел бойынша медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін есепке алуды сақтандыруды енгізу, сондай-ақ шығындарды өтеу және сақтандыру төлемдерін алу барысын одан әрі цифрландыру жоспарлары да күн тәртібінде тұр. Айта кету керек, онлайн формат сақтандыру компанияларына келісім-шарттарын жасасу кезінде де, төлемдерді алу кезінде де операциялық шығындарды айтарлықтай оңтайландыруға мүмкіндік береді (2023 жылы: -42,8%).

Сонымен қатар, қызметкерлерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруға қатысты заңнамалық өзгерістер өмірді сақтандырушы компаниялар кірісінің әлеуетті өсуін шектеуі ықтимал. Өз кезегінде, зейнетке дейінгі төлемдерді енгізу ережелері (оңалту және алдын алу шаралары ретінде), сондай-ақ жәбірленушінің кінәсін өтеуді бағалаудан алып тастау сынды шаралар аталған өнім бойынша төлемдердің ұлғайып өсуіне алып келуі тағы мүмкін.

Жаһандық Accentur консалтингтік компаниясының болжамдарына сай, ағымдағы жыл дамушы нарықтардағы өмірді сақтандырушы компаниялар үшін жағымды жыл болуы тиіс (табыс орташа есеппен 5,1%-ға өспек), бұған сектор ішіндегі жинақтаушы және зейнетақы өнімдеріне деген сұраныстың артуы, сондай-ақ жасанды интеллект технологияларының дамуымен шығындарды үнемдеу мүмкіндігі септік етуі ықтимал.





Поделиться:

Смотрите также:

NYT: Таможенные пошлины США приведут к подорожанию техники Apple
1 год назад
Предыстория: Трамп ввёл торговые пошлины для казахстанских товаров Введение новых торговых пошлин в США может привести к увеличению стоимости продукции Apple, считают в The New York Times (NYT). Решение администрации Дональда Т...
В Казахстане утвердили методику расчета потенциального ВВП
4 месяца назад
Министерство национальной экономики РК утвердило методику расчета потенциального валового внутреннего продукта (ВВП). Как подчеркнули в ведомстве, это сделано для «обеспечения качественного экономического роста и д...
Банки выдали больше новых займов бизнесу, чем ждал президент
2 года назад
Аналитический центр АФК подготовил обзор кредитования субъектов предпринимательства за 2023 год. Ключевые тенденции По итогам 2023 года банковский сектор, включая Банк развития Казахстана, выдал бизнесу 16 трлн тенге новых займов, что на 22%, или 2...
1,7 млрд тенге на продаже тел: в Казахстане раскрыли сеть по торговле людьми
1 год назад
Об этом 28 июля 2025 года заявили в Министерстве внутренних дел РК:"В результате совместных оперативных действий подразделений по борьбе с организованной преступностью и органов прокуратуры Астаны и Северо-Казахстанской области на территории Республи...
Доллар резко подорожал в Казахстане
1 год назад
Средневзвешенный курс доллара по итогам торгов составил 521,81 тенге, повысившись сразу на 5,76 тенге.Курс китайского юаня составил 71,48 тенге.
Курсы валют в обменниках Алматы, Астаны и Шымкента на 8 сентября
2 года назад
По официальным данным Национального банка РК, курс доллара составляет 480,55 тенге, евро – 533,75 тенге, рубля – 5,36 тенге.Нижеизложенные курсы валют являются актуальными только на момент написания материала. В зависимости от времени цены на иностра...
Fitch Ratings подтвердило высокий кредитный рейтинг «Казахтелекома»
2 года назад
Международное рейтинговое агентство Fitch Ratings подтвердило кредитный рейтинг АО «Казахтелеком» на уровне «ВВВ-» с прогнозом «Стабильный», обратив особое внимание на устойчивые рыночные позиции группы компании, а также на существенный запас финансо...
Индекс KASE за февраль показал почти половину прошлогоднего прироста
2 года назад
Ассоциация финансистов Казахстана представила очередной ежедневный обзор рынков. Валютный рынок Несмотря на негативный внешний фон, по итогам валютных торгов в четверг, 29 февраля, пара USDKZT закрылась на уровне 450,65 тенге за доллар (-0,44 тенге...
➤